Жаңалықтар мен мақалалар

"Kazakhmys Smelting" қызметкерлеріне арналған әлеуметтік жобалар байқауы.

«ТОП КРИТИКАЛЫҚ ЖОБАЛАР» — Kazakhmys Smelting қызметкерлеріне арналған әлеуметтік жобалар байқауы.

2025 жылдың 1 мамырынан бастап Kazakhmys Smelting компаниясы қызметкерлер арасында «ТОП Критикалық Жобалар» атты байқауды бастайды. Байқаудың мақсаты — еңбек жағдайын, өндірістік инфрақұрылымды және жалпы әлеуметтік ортаны жақсартуға бағытталған нақты идеяларды анықтап, қолдау көрсету.

Қатысуға барлық қызметкерлер шақырылады: жеке өзіңіз немесе 5 адамға дейінгі командамен. Бір адам тек бір жобаны ғана ұсына алады.

Қолдау мына бағыттар бойынша ұсынылатын жобаларға беріледі:

– жұмыс орнын және инфрақұрылымды жақсарту (жарықтандыру, жабдықтар, демалыс аймағы және т.б.);

– қызметкерлердің әлеуметтік әл-ауқатын арттыру (спортуголок, тренингтер, іс-шаралар, қолдау);

– ұжым мен қоғамға пайдалы бастамалар.

Ең үздік жобалар 20–50 миллион теңгеге дейін қаржылай қолдауға ие болады.

Өтінімдер қабылдау 2025 жылдың 1 мамырынан басталады.

Толық ақпарат пен өтінім беру — корпоративтік сайтта.

Сұрақтар бойынша байланыс: +7 700 139 13 89 / +7 707 557 37 27 (WhatsApp бар).