Жаңалықтар мен мақалалар

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС жаңа басшысын таныстырды. Басшы болып Жәнібек Байғабелов тағайындалды.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС жаңа басшысын таныстырды. Басшы болып Жәнібек Байғабелов тағайындалды.

Байғабелов Жәнібек Алтынбекұлы тәжірибелі басшы, көптеген жылдар бойы Қарағанды құю-машина жасау зауыты «Maker (Мэйкер)» ЖШС басқарады.

2008 жылы Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратураны бітірді.

Өзінің кәсіби қызмет жолында еліміздің ірі кәсіпорындарында еңбек етті:
- ERG тобының кәсіпорындарында 15 жыл жұмыс істеді;
- 2016 жылы «ССКӨБ» АҚ техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі Вице-президенті болып тағайындалды;
- 2019 жылы Қарағанды құю-машина жасау зауытының басқарма төрағасы болды.

Жәнібек Байғабелов - ҰКП «Атамекен» машина жасау комитетінің төрағасы, ҚР «Құрметті машина жасаушысы» болып табылады.