Балқашта Kazakhmys Smelting құрамындағы мыс және эмаль сымдарын өндіру цехының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерейтой өндіріс орнының қызметкерлерін, сала ардагерлерін, зауыт басшылығын және шақырылған қонақтарды бір алаңға біріктірді.
Іс-шараның негізгі сәті – цехтың үш онжылдықтағы қызметінің қорытындысын шығару болды. Осы уақыт ішінде өндіріс орны кәсіпорынның сенімді буынына айналып, қаланың өнеркәсіптік инфрақұрылымының маңызды бөлігі ретінде қалыптасты.
Мерекелік жиында өндірістің қалыптасуы мен даму кезеңдері атап өтілді. Цех құрылысы 1995 жылы басталып, 1996 жылы пайдалануға берілді. Жобаны іске асыруға қазақстандық және шетелдік компаниялар қатысып, мамандар халықаралық өндірістік алаңдарда білім алды.
Бүгінде цех жылына 12 000 тоннаға дейін эмаль сым және кабель мен электротехникалық салаға арналған мыс провод шығарады. Өнімдер өнеркәсіпте кеңінен қолданылып, сапа мен сенімділіктің заманауи талаптарына толық сәйкес келеді.
Іс-шара барысында өндірісті дамытуға елеулі үлес қосқан қызметкерлерге ерекше назар аударылды.
Марапатталғандар қатарында:
— цех басшысы Еркын Жұмабеков – «Еңбек даңқы» I дәрежелі төсбелгісі
— сым созушы Ермек Мадиев – «Еңбек даңқы» III дәрежелі төсбелгісі
— слесарь-жөндеуші Дмитрий Харчевников – «Еңбек озаты» атағы
Сонымен қатар бірқатар қызметкерлер Kazakhmys Smelting, «Қазақмыс» корпорациясы және «Кәсіп Қорған» БПО-ның Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Мерейтой кәсіпорын тарихындағы маңызды белес қана емес, сонымен қатар оның тұрақты дамуының, технологиялық әлеуетінің және болашаққа сенімді қадамының айқын дәлелі болды.