Жаңалықтар мен мақалалар

«ÖZGE MEN»: Kazakhmys Smelting компаниясында IV маусым басталады

1 маусым күні «Kazakhmys Smelting» ЖШС-де «ÖZGE MEN» корпоративтік жобасының IV маусымы басталады.

Компанияның игі дәстүріне айналған жоба Жезқазған және Балқаш мыс балқыту зауыттарының белсенді, мақсатшыл және ынталы қызметкерлерін тағы да біріктіреді.

Жобаның негізгі мақсаты – қызметкерлердің денсаулығын нығайту, пайдалы әдеттерді қалыптастыру, салауатты өмір салтын дамыту және командалық өзара әрекеттестікті күшейту.

Жоба аясында 5 адамнан құралған командалар салауатты өмір салтын ұстанып, дене белсенділігімен айналысып, бір-біріне қолдау көрсетіп, ортақ мақсаттарға бірге қол жеткізеді.

Қатысу үшін қызметкерлер 18 мамырға дейін өтінімдерін жұмыс орны бойынша өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімдеріне тапсыруы қажет.

Өткен маусымда «ÖZGE MEN» жобасына 48 команда қатысып, жобаға шамамен 240 Kazakhmys Smelting қызметкері тартылды.

Жоба қорытындысы бойынша қатысушылар жалпы салмақты 1407 килограмға төмендетіп, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Жаңа маусым жеңімпаздарын «Kazakhmys Smelting» ЖШС бас директоры Жәнібек Алтынбекұлының арнайы сыйлықтары күтеді.

«ÖZGE MEN» жобасы тек сыртқы өзгерістерге ғана емес, сонымен қатар тәртіпті, ерік-жігерді, командалық рухты және өзіңнің ең үздік нұсқаңа ұмтылуды дамытуға бағытталған.

Жобаға өтінім қабылдау жалғасуда.