Жаңалықтар мен мақалалар

«Kazakhmys Smelting» Балқаш мыс балқыту зауытының мыс электролиздеу цехының тотияйын бөлімшесінің ұжымы өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтті.

«Kazakhmys Smelting» Балқаш мыс балқыту зауытының мыс электролиздеу цехының тотияйын бөлімшесінің ұжымы өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы жылдар ішінде осы бөлімше технологтары 450 мың тоннадан астам тауарлық өнім — мыс сульфатын шығарды.

Тотияйын бөлімшесінің тарихы сонау 1951 жылдан бастау алады, ал мұнан 2 жылдан кейін алғашқы мыс сульфаты шығарылды.

1999 жылдан бастап аталмыш бөлімшені "Еңбек даңқы" салалық белгісінің толық кавалері Қасқабай Махабаев басқарып келеді.

70 жылдық мерейтоймен бөлімше қызметкерлерін «Kazakhmys Smelting» басшылары, өндіріс ардагерлері және игі шараға келген қонақтар құттықтады.

Осы күні мерейтойға арнап ұйымдастырылған спорттық шаралар қызықты және әсерлі өтті. Учаске мен цех қызметкерлері өзара қошқар көтеріп, садақ атып, гір тасын көтеріп және арқан тартысып бақ сынасты. Сондай-ақ шағын футбол мен үстел теннисінен турнирлер өткізілді.

Барлық мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып отырды. Өндіріс ардагерлері мен спорт жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.12:32