Жаңалықтар мен мақалалар

ЖМЗ-да қол еңбегін қысқартамыз!

ЖМЗ-да қол еңбегін қысқартамыз!

Біз енді ЖМЗ Күкірт қышқылы цехының жаңалықтармен бөлісуге асықпыз!

Дәстүрлі түрде КҚЦ қоймаларындағы күкірт қышқылының деңгейін өлшеу метрстоктың көмегімен қол еңбегі арқылы жүргізіледі. Бұл ретте жұмысшылар күкірт қышқылымен жанасуға, кез келген ауа-райында ауысым сайын 9.5 метр биіктікке көтерілуге мәжбүр болатын.

КҚЦ қызметкерлерінің бастамасы бойынша №3 және №5 қоймаларына автоматты түрде өлшеу үшін радиолокациялық деңгей өлшегіштер сатып алынды және орнатылды. Бұл химиялық күйік, биіктіктен құлау, арқаға және тірек-қимыл аппаратына жүктеме алу қаупін азайтады.

Енді күкірт қышқылының деңгейі туралы деректер тікелей операторға онлайн режимінде беріледі.

Біз қызметкерлерімізден жаңа ұсыныстар күтеміз! Ортақ еңбегімізді бірге қауіпсіз етейік!