ULY BALA FEST - 2026: балалық шақтың, қуаныш пен отбасылық бірліктің мерекесі
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Kazakhmys Smelting» компаниясы Жезқазған және Балқаш қалаларында ауқымды отбасылық ULY BALA FEST - 2026 фестивалін ұйымдастырды. Іс-шара мыңдаған балалар мен олардың ата-аналарын бір алаңға жинады.
Фестивальдің басты мақсаты - мейірімге, шаттыққа, бал күлкісіне және ұмытылмас әсерлерге толы жарқын отбасылық мереке сыйлау болды.
Жезқазғанда «Ғарышкерлер» бульварында қала тұрғындары мен қонақтары үшін шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мазмұнды концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Сахнада NON-STOP шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері өнер көрсетіп, көрермендерге әсерлі вокалдық және би нөмірлерін тарту етті. Сонымен қатар интерактивті балалар аймағы, ата-аналар мен балаларға арналған креативті шеберлік алаңы, заманауи 3D WOW фотозонасы, отбасылық белсенділіктер, караоке-батлдар, түрлі байқаулар мен ойындар көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды.
Фестиваль Балқаш қаласында да жоғары деңгейде өтті. «Жастар» саябағында ұйымдастырылған мерекелік бағдарламаға мыңнан астам бала мен ересек қатысты. Қонақтар концерттік қойылымдарды тамашалап, аниматорлардың өнеріне куә болды, қызықты ойындар мен байқауларға қатысты. Сонымен қатар әсерлі азот шоуы, сабын көпіршіктері шоуы және көптеген интерактивті ойын-сауық бағдарламалары ұсынылды.
Осы күні компания «Kazakhmys Smelting» қызметкерлерінің отбасыларындағы ерекше балаларға ерекше көңіл бөлді. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай оларға тәтті сыйлықтар табысталып, бұл кәсіпорын тарапынан көрсетілген қамқорлық пен қолдаудың тағы бір көрінісіне айналды.
Мереке барысында балалар басты кейіпкерлер болды. Олардың жарқын күлкісі, шынайы эмоциялары мен шаттыққа толы көңіл-күйі мерекенің ерекше атмосферасын қалыптастырды.
«Kazakhmys Smelting» отбасылық құндылықтарды нығайтуға, балалар шығармашылығын дамытуға және компания қызметкерлері мен олардың отбасылары үшін қолайлы әлеуметтік орта қалыптастыруға бағытталған бастамаларды дәстүрлі түрде қолдап келеді.
Барша балалар мен ата-аналарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Әрбір бала махаббат пен қамқорлыққа бөленіп өссін, ал бақытты балалық шақтың жарқын сәттері ұзақ жылдар бойы жүректерде сақталсын.