Кәсіби мереке – Мысшылар күні қарсаңында «Kazakhmys Smelting» компаниясының кәсіпорындарында үздік қызметкерлерді ұлықтауға арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Ауқымды марапаттау рәсімдері Жезқазған және Балқаш мыс қорыту зауыттарының ұжымдарын біріктіріп, компанияның басты капиталы - оның адамдары, іске деген адалдығы мен жоғары кәсібилігі екенінің тағы бір дәлелі болды. Мерекенің басты оқиғасы - кәсіпорындардың Даңқ галереясының жаңаруы болды, мұнда көпжылдық адал еңбегі бүкіл ұжымға үлгі болған үздік мамандардың есімдері енгізілді.
Зауыт жұмысшыларын «Kazakhmys Smelting» компаниясының бас директоры Жәнібек Алтынбекұлы Байғабелов құттықтады. Ол қызметкерлерге жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі мен өз ісіне деген адалдығы үшін алғыс айтып, корпорация үшін адам капиталының маңызы ерекше екенін атап өтті. Жезқазған қаласында өткен құттықтау рәсіміне қала әкімі Қайрат Шайжанов та қатысып, металлургтердің өңірдің дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Мерекелік күндер жарқын оқиғалар мен өндіріс озаттарын марапаттауға толы болды. Балқашта шаралар ерекше атмосферада өтті: зауыттағы дәстүрлі марапаттаудан бөлек, Оқушылар сарайында ауқымды салтанат ұйымдастырылып, бұл күні 230-ға жуық қызметкер марапатқа ие болды. Сонымен қатар кәсіпорынның өзінде де дәстүрлі рәсім өтіп, үздік қызметкерлер жоғары корпоративтік марапаттармен марапатталды: «Қазақмыс» корпорациясы» Бақылау кеңесі төрағасының Құрмет грамотасымен 14 адам, корпорация Бақармасы төрағасының Құрмет грамотасымен 4 қызметкер, ал «Kazakhmys Smelting» бас директорының Құрмет грамотасымен 13 маман марапатталды. БМЗ директоры Айдар Тусупбеков ұжымды жылы лебізбен құттықтап, қажырлы еңбек пен табандылық үшін терең алғысын білдірді.
Жезқазғанда мерекелік іс-шаралар бұдан кем қамтылған жоқ - мұнда түрлі марапаттарды 120-дан астам адам алды. Ең маңызды әрі әсерлі сәттердің бірі - шеберліктің мойындалуы ретінде тағы 21 қызметкердің есімінің зауыттың Даңқ галереясына енгізілуі болды. Бұдан бөлек, ерекше көзге түскен металлургтерге Жезқазған қаласы әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, «Еңбек озаты» және «Кәсіподақтың құрметті қайраткері» төсбелгілері, сондай-ақ «КәсіпҚорған» салалық кәсіподағының, оның Жезқазған филиалының және ЖМЗ кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталары табысталды.
Өткен іс-шаралар «Kazakhmys Smelting» металлургтерінің кәсіби мамандардың үлкен де тату командасы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Даңқ галереясының жаңаруы және компания бойынша жүздеген лайықты марапаттар әрбір қызметкердің жеке жетістіктерінің мойындалуы ғана емес, екі кәсіпорында да корпоративтік рух пен ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жаңа өндірістік жеңістерге жетелейтін қуатты серпін болды.