Жаңалықтар мен мақалалар

Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі орталық комитет

«Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС-нің Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі орталық комитеті (ӨҚжЕҚ жөніндегі ОК) – Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы қызметін үйлестіретін консультативтік-кеңесші орган.

Комитеттің негізгі мақсаты – Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын тиімді үйлестіру, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы стратегиялық, жедел және ағымдағы мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Комитет келесі функцияларды жүзеге асырады:

  • «Kazakhmys Holding» ЖШС белгілеген өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы мақсаттар мен міндеттердің, саясат пен стратегияның, жұмыс жоспарларының орындалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ өзінің жылдық және тоқсандық мақсаттары мен жұмыс жоспарларын қалыптастырып, бекітеді.
  • Белгіленген мақсаттарға қол жеткізу барысын бақылайды, түзету іс-шараларын әзірлейді және туындаған проблемалық мәселелерді «Kazakhmys Holding» ЖШС-нің ӨҚжЕҚ жөніндегі комитетінің қарауына шығарады.
  • Серіктестік кәсіпорындарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғауды басқару жүйесінің (ӨҚжЕҚБЖ) жұмыс істеуін талдайды, аудит нәтижелерін қарайды және анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар бойынша шешімдер қабылдайды.
  • Комитетке қарасты кіші комитеттер, кәсіпорындар, цехтар басшылары мен бас мамандар жұмысының тиімділігін, сондай-ақ олардың ӨҚжЕҚ саласындағы басқару мәселелері бойынша бейілділігі мен құзыреттілігін бағалайды.
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларға бөлінген қаржы қаражатының тиімді пайдаланылуын қойылған мақсаттарға сәйкес бағалайды.

Комитет құрамына төраға, Комитет мүшелері және хатшы кіреді. Оның жұмысына Серіктестіктің бас мамандары, кәсіпорындар мен цехтардың басшылары қатысады. Қажет болған жағдайда келісім бойынша сыртқы сарапшылар тартылуы мүмкін.

Орталық комитеттің басшылығы:

  • ӨҚжЕҚ жөніндегі ОК Төрағасы – Жәнібек Байғабелов, «Kazakhmys Smelting» ЖШС Бас директоры.
  • ӨҚжЕҚ жөніндегі ОК Төрағасының орынбасары – Марат Аубакиров, «Kazakhmys Smelting» ЖШС Өндіріс жөніндегі директоры.

Орталық комитеттің қызметі өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіруге, қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттыруға және қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Серіктестік бөлімшелерінің жұмысын үйлестіруге бағытталған.