Жаңалықтар мен мақалалар

Мақаналин Тілеугерей Ислямұлын еске алуға арналған Жасөспірімдер арасындағы бокстан халықаралық турнир.

«Kazakhmys Smelting» қолдауымен ҚР-ның құрметті спорт қызметкері, Балқаш бокс федерациясының тұңғыш президенті, КСРО спорт шебері Маканалин Тлеугерей Ислямұлын еске алуға арналған жасөспірімдер арасында арасында бокстан І Халықаралық турнир өтті.

Айтулы жарысқа Қазақстанның әрбір өңірінен басқа Армения, Қытай, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 120-дан астам спортшы қатысты.

Турнир нәтижесі бойынша, Балқаштан 54 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Крик Ералы Чемпион атанды. Ал командалық есепте Қазақстан жасөспірімдер командасы жеңіске жетті.

Тлеугерей Ислямұлы — спортта ғана емес, жалпы қаланың өркендеуіне өзінің үлкен үлесін қосқан азамат. Өңірлік спорттың дамуында тыңбай еңбек еткен тұлғаны еске алу, оған атсалысу және қолдау көрсету — біздің міндетіміз деп білеміз.