Жаңалықтар мен мақалалар

CUPRUM RUN Балқаш қаласына жетті!

CUPRUM RUN Балқаш қаласына жетті!

«Kazakhmys Smelting» салауатты өмір салтын қолдауды және біздің қатысуымыздағы қалаларда жүгіруді насихаттауды жалғастыруда. 25 маусым күні қала қызметкерлері, тұрғындары мен қонақтары үшін алғашқы марафон өтті. CUPRUM RUN өткізу біздің жыл сайынғы дәстүрімізге айналады!

Алғашқы жүгіру жарысы Мағауи Хамзин атындағы Металлургтер мәдениет сарайының жанында спорт сүйер қауым үшін салтанатты түрде басталды.

Марафонға жалпы 257 адам тіркелді. Оның ішінде, 5 км қашықтықты - 183, ал 10 км -74 спортшы жүгіріп өтті.

Ерлер арасында абсолютті жеңімпаз — Кессикбаев Дархан болса, әйелдер арасында абсолютті көрсеткішті Купцова Татьяна көрсетті.

Марафонға тек балқаштықтар ғана емес, Алматы, Шымкент, Семей, Жезқазған, Қарағанды қаласынан арнайы келген қонақтар да қатысты.

Әрбір қатысушыға естелікке медаль және кәдесый табысталды. Ал алғашқы болып келген жүйріктерге бағалы сыйлықтар берілді.

Айта кетелік, марафонға қатысу құны — 3 000 теңгені құрады. Ал жарналардан жиналған барлық қаражат жергілікті халыққа қайырымдылыққа жұмсалады.

Осымен, «Kazakhmys Smelting» ұйымдастырған марафондар өз мәресіне жетті. Барлық атсалысқан жандарға алғысымызды білдіреміз!