Жаңалықтар мен мақалалар

«Kazakhmys Smelting» ұйымдастыруымен Балқаш қаласының «Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған мектеп-интернатының балалары Тұраңғы тоғайына барып, жазғы демалыстарын көңі

«Kazakhmys Smelting» ұйымдастыруымен Балқаш қаласының «Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған мектеп-интернатының» балалары Тұраңғы тоғайына барып, жазғы демалыстарын көңілді бастады.

Балаларға арнап арнайы әрі қызықты экскурсия ұйымдастырылды. Гид қызметкері нұсқаулық бойынша Тұраңғы ағашының ерекшеліктерімен бөлісіп, «Қызыл кітапқа» неліктен енгізілгені туралы баяндап берді.

Әрбір қатысушыға естелікке «Kazakhmys Smelting» логотипі бейнелген жейде мен бас киімдер үлестірілді.

«Kazakhmys Smelting» ұйымдастырған бұл іс-шараның мақсаты — балалардың жас кезінен бастап туған жерге деген патриоттық сезімін оятуға үлес қосу. Аталмыш шара біздің ұйым үшін үрдіске айналуда және әлі де жалғасын табатын болады.