Еңбек қорғау және қауіпсіздік

Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінде өртке қарсы қауіпсіздікті күшейту мақсатында аптаның әрбір бірінші және үшінші сәрсенбісі - бұйрықпен Серіктестік бойынша "Өрт қауіпсіздігі күні" болып белгіле

Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінде өртке қарсы қауіпсіздікті күшейту мақсатында аптаның әрбір бірінші және үшінші сәрсенбісі - бұйрықпен Серіктестік бойынша "Өрт қауіпсіздігі күні" болып белгіленді. Өрт қауіпсіздігі күні шеңберінде Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінде тұрақты негізде өрт қауіпсіздігі бойынша нысаналы тексерулер жүргізіледі.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінде келесі жұмыстар жүргізілді:

- Серіктестік объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 3 жыл мерзімге қызмет көрсетуге авариялық-құтқару қызметімен ұзақ мерзімді шарт жасалды;

- Серіктестіктің барлық құрылымдық бөлімшелері бойынша 2023 жылға арналған АЖЖ әзірленді және бекітілді. Кәсіпорынның барлық қызметкерлері АЖЖ-мен қол қойғызып танысты;

- қауіпті өндірістік объектіде авариялар, технологиялық бұзушылықтар, ықтимал өрттер туындаған кезде персоналдың іс-қимылдарының практикалық дағдыларын пысықтау мақсатында бекітілген кестеге сәйкес оқу, аварияға қарсы және өртке қарсы жаттығулар өткізіледі.

Сондай-ақ, "Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)" ЖШС объектілерінде өрт қауіпсіздігінің алдын алу және күшейту мақсатында 2023 жылдың көктемгі-жазғы өрт қауіпті кезеңіне "Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)" ЖШС құрылымдық бөлімшелерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өрт-профилактикалық іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелері бойынша өрт-профилактикалық іс-шаралардың орындалуына тұрақты бақылау және мониторинг жүргізіледі.
Өрт қауіпсіздігі, АҚ және ТЖ