12–14 шілде аралығында Жезқазғанда Мысшылар күніне орай ұйымдастырылған «Қазақмыс» компаниялар тобының қызметкерлері арасында алғашқы «Қазақмыс ұлттық ойындары» өтті.
Спорттық мерекеге Kazakhmys Smelting - Жезқазған және Балқаш мыс балқыту зауыттарының қызметкерлері де белсене қатысты. Екі кәсіпорынның 50-ге жуық жұмыскері ұлттық спорт түрлерінен өз шеберліктерін көрсетіп, өз ұжымдарының намысын қорғады.
Жарысқа «Қазақмыс» корпорациясы» компаниялар тобының кәсіпорындарынан 13 команда мен 200-ге жуық спортшы қатысты. Олар ұлттық спорттың жеті түрінен бақ сынасты: садақ ату, асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ, таяқ тарту, арқан тарту және қазақ күресі.
Турнир спорттың, достықтың және корпоративтік бірліктің шынайы мерекесіне айналып, компания қызметкерлерін ортақ құндылықтар мен ұлттық дәстүрлер төңірегінде біріктірді.
Жарысқа KAZAKHMYS SMELTING Жезқазған және Балқаш мыс балқыту зауыттарының командалары, JEZQAZGAN TAU-KEN ONDIRISI – 1, KAZAKHMYS MAINTENANCE SERVICES, JEZQAZGAN TAU-KEN ONDIRISI – 2, BALQASH TAU-KEN ONDIRISI, Ғ. О. Омаров атындағы Шахтопроходческий трест, NURQAZGAN TAU-KEN ONDIRISI, QARAGAYLY TAU-KEN ONDIRISI, KAZAKHMYS BARLAU, Жезқазған медициналық орталығы, «MAKER» ЖШС, сондай-ақ әкімшілік-басқару персоналының командасы қатысты.
Ойындардың екінші күні қазақ күресінен ерекше ауқымымен айшықталған көптен күткен «Қазақмыс Барысы» турнирі өтті. Оған компаниялар тобының кәсіпорындарынан 50 балуаны қатысты.
Ойындардың салтанатты ашылу рәсімінде «Қазақмыс» корпорациясының металлургия жөніндегі Бас операциялық директоры, Kazakhmys Smelting Бас директоры Жәнібек Алтынбекұлы Байғабелов құттықтау сөз сөйледі: «Баршаңызды келе жатқан Мысшылар күнімен және алғашқы «Қазақмыс» ұлттық ойындарының өтуімен құттықтаймын. Бұл жарыс біздің игі дәстүрімізге айналса екен деймін. Осыдан жеті жыл бұрын қазақ күресінен алғашқы жарысты ҚЛМЗ-да өткізген едім, ол кезде бас жүлде 100 мың теңге мен шапан болатын. Бүгін бұл жобаның қаншалықты өсіп, ауқымды болғанын көріп отырмыз. Қазірдің өзінде келесі жылы жеңімпаздарға бас жүлде ретінде автокөлік сыйлауға дайын серіктестер бар. Сіздер - дәстүрді сақтаушысыздар. Өз ұжымдарыңыздың намысын абыроймен қорғап, бозкілемге шығып, күш-жігер, бірлік пен шынайы ұжымдық рухты көрсетіп жүрсіздер».
Ойындар ұлттық спорт түрлерін дәріптеу алаңына және «Қазақмыс» корпорациясы тобы жұмыскерлерінің бірлігі мен ұжымдық рухын нығайтатын маңызды оқиғаға айналды. Қатысушылар үшін жарыстың барлық күндері бойы ашық аспан астында «Қазақмыс ауылы» ұйымдастырылды, онда бәрі тамақтанып, тәжірибе алмасып, сұхбаттасып, танысты. Жалпы алғанда, бұл алаң әртүрлі өндірістік нүктелерден келген бір компания қызметкерлерін үлкен басқосуына айналды.
Соңында қатысушылар үшін гала-кеш ұйымдастырылып, оның барысында ұлттық спорт түрлерінен жарыс қорытындылары шығарылды, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер өздерінің бағалы жүлделері мен марапаттарын алды. Жарыстың қорытындысы бойынша Kazakhmys Smelting қызметкерлері компания намысын лайықты қорғап, бірқатар жоғары марапаттарға ие болды: таяқ тартудан (80 кг-ға дейін) I орынды Нұрбек Сатов (ЖМЗ), арқан тартудан I орынды Kazakhmys Smelting құрама командасы жеңіп алды, тоғызқұмалақтан II орын Рүстем Еділбаевқа (ЖМЗ) бұйырды, қазақ күресінен («Қазақмыс Барысы», 80 кг-ға дейін) III орынды Мақсат Маханбетов (ЖМЗ) иеленді, ал «Үздік әдіс» арнайы номинациясының жеңімпазы болып Ұлан Әкімжан (Kazakhmys Smelting Балқаш мыс балқыту зауыты) танылды.