Жаңалықтар мен мақалалар

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында бір ай ішінде«Kazakhmys Smelting» қызметкерлері арасында түрлі байқаулар өткізілді.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында бір ай ішінде«Kazakhmys Smelting» қызметкерлері арасында түрлі байқаулар өткізілді.

Барлығы 4 байқау:
- «Қауіпсіздік - балалардың көзімен» балалар суреттерінің байқауы;
- «ӨҚжЕҚ жетілдіру бойынша үздік ұсыныс» байқауы;
- «Үздік бейнеролик» байқауы;
- «ӨҚжЕҚ бойынша үздік қызметкер» байқауы.

Балалар суреттері байқауына 180-ден астам жұмыс қабылданып, үздік жұмыстар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ барлық балаларға белсенді қатысқандары үшін сыйлықтар үлестірілді.

«Үздік бейнеролик» байқауы бойынша бірінші орынды БМЗ электромонтері А.М.Бейсембаевтың жұмысы жеңіп алды. Жүлделі орындарды Бостыбаев К.Ш., Жанбершин Ш.А., Кульбаев А.Т, Мусин К.С., Сатыбалды Ж.М роликтері иеленді.

«ӨҚжЕҚ жетілдіру бойынша үздік ұсыныс» байқауы бойынша 1 орын — Соловьева Д.С., 2 орын – Жакселеков Т.Э., 3 орын – Карибаев А.М жеңді.

«Үздік қызметкер» байқауы бойынша Санакбек А.К., Оразбеков Ж.Ж., Доскенов Ж.К., Немцев Е.Г., Смагулов Д.Е. марапатталды.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!