Еңбек қорғау және қауіпсіздік

Серіктестік бойынша ӨҚжЕҚ-ті дамыту стратегиясын іске асыру мақсатында орталық қауіпсіздік комитеті құрылды.

Серіктестік бойынша ӨҚжЕҚ-ті дамыту стратегиясын іске асыру мақсатында орталық қауіпсіздік комитеті құрылды.

Комитеттің негізгі рөлі серіктестіктің ӨҚжЕҚ саласындағы мақсатына қол жеткізуді стратегиялық және жедел басқару болып табылады.

Комитеттің мақсаты комитеттердің, серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін тиімді үйлестіру, ӨҚжЕҚ саласындағы стратегиялық, жедел және ағымдағы мәселелер бойынша ұсынымдар дайындау болып табылады.

Белгіленген мақсатқа жету үшін Комитет келесі функцияларды орындайды:
- "Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдингі)" ЖШС қойған ӨҚжЕҚ саласындағы мақсаттар мен міндеттерді, саясат пен стратегияны, жұмыс жоспарларын құру, сондай-ақ ӨҚжЕҚ саласындағы жыл сайынғы, тоқсан сайынғы өз мақсаттарын қалыптастыру және бекіту;
- ӨҚжЕҚ саласындағы мақсаттарға қол жеткізу мониторингі, түзету іс-шараларын қалыптастыру, "Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдингі)"ЖШС ӨҚжЕҚ жөніндегі комитетінің деңгейіне мақсаттарға қол жеткізу бойынша проблемалық мәселелерді кысқарту;
- Серіктестік кәсіпорындарында жұмыс барысын талдау, ӨҚжЕҚ саласында жүргізілген аудиттердің нәтижелерін қарау;
- Кіші комитеттер, кәсіпорындар, цехтар басшыларының, бас мамандардың жұмыс тиімділігін бағалау, олардың мақсаттарға жету үшін ӨҚжЕҚ басқару саласындағы міндеттемелері мен құзыреттері;
- Ағымдағы мақсаттарға байланысты ӨҚжЕҚ бойынша іс-шараларға ақша қаражатын жұмсаудың тиімділігін бағалау.
Орталық қауіпсіздік комитеті