Жаңалықтар мен мақалалар

Бірнеше жылдан соң алғашқы рет «Kazakhmys Smelting» Балқаш мыс балқыту зауытының алаңында өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі Орталық комитеттің отырысы өтті.

Бірнеше жылдан соң алғашқы рет «Kazakhmys Smelting» Балқаш мыс балқыту зауытының алаңында өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі Орталық комитеттің отырысы өтті.

Комитет отырысы Kazakhmys Holding Директорлар Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Гайдиннің төрағалығымен өтті. Комитет мүшелері, Холдинг кәсіпорындары мен құрылымдарының басшылары БМЗ цехтарын аралап, зауыттың өндірістік процестерімен танысты.

Отырыста компанияның барлық филиалдарының қауіпсіздік жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шараларды бюджеттеу мәселелері талқыланды және қызметкерлеріміздің қауіпсіздігін одан әрі қамтамасыз ету бойынша шешімдер қабылданды.