Жаңалықтар мен мақалалар

Қытай ғалымдары мен жобалаушылары делегациясының Kazakhmys Smelting кәсіпорындарына бір апталық сапары аяқталды.

Қытай ғалымдары мен жобалаушылары делегациясының Kazakhmys Smelting кәсіпорындарына бір апталық сапары аяқталды.

Металлургия, экология, коммерция өндіріс, геология, химия, жобалау, сумен жабдықтау, энергетика және механика салаларының мамандарынан құралған үлкен делегация Жезқазған және Балқаш қалаларында болды.

NFC және Nerin компанияларының сапарының мақсаты — біздің зауыттарымыздың қолданыстағы технологиялық процестерімен танысу және озық технологияларын қолдана отырып, металлургиялық өндірісті дамыту стратегиясын әзірлеу болып табылады.

Айта кету керек, NFC - China Nonferrous Metal Industry’s Foreign Engineering and Construction компаниясы — түсті металлургия саласындағы әлемдік деңгейдегі көшбасшысы.