«Kazakhmys Smelting» компаниясының Жезқазған және Балқаш мыс балқыту зауыттарында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шаралар сәтті қорытындыланды.
1-28 сәуір аралығында компания кәсіпорындарында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік айлығы ұйымдастырылып, оның аясында қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, қызметкерлердің белсенділігін күшейтуге және командалық рухты нығайтуға бағытталған бірқатар байқаулар, спорттық іс-шаралар мен корпоративтік бастамалар өткізілді.
Іс-шараларға өндірістік бөлім қызметкерлері, мамандар, басшылар және қызметкерлердің отбасы мүшелері белсенді қатысты. Айлық барысында зауыттарда «Үздік цех» байқауы, ерікті өртке қарсы құрылымдар арасындағы жарыстар, үздік бейнеролик, қауіпсіздік саласындағы үздік ұсыныс және балалар сурет байқаулары ұйымдастырылды.
Айлық қорытындысы бойынша үздік бөлімшелер мен қызметкерлер анықталды.
«Үздік цех» байқауы:
• Жезқазған мыс балқыту зауыты – Балқыту цехы
• Балқаш мыс балқыту зауыты – Мыс балқыту цехы
Ерікті өртке қарсы құрылымдар арасындағы спорттық эстафета:
• Жезқазған мыс балқыту зауыты – Шихта дайындау цехы
• Балқаш мыс балқыту зауыты – Мысты электролиздеу цехы
Үздік бейнеролик байқауы:
• Жезқазған мыс балқыту зауыты – Дархан Желибаев
• Балқаш мыс балқыту зауыты – Даулет Қасен
Қауіпсіздік саласындағы үздік ұсыныс:
• Жезқазған мыс балқыту зауыты – Вячеслав Коньшин
• Балқаш мыс балқыту зауыты – Мади Абдуалиев
Марапаттау рәсімінде «Kazakhmys Smelting» ЖШС бас директоры Жәнібек Алтынбекұлы қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету компанияның басты басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Сонымен қатар қауіпсіздік мәдениетін дамыту мен қызметкерлер бастамаларын қолдау кәсіпорындардың тұрақты дамуының маңызды бөлігі екені айтылды.
Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар, дипломдар және компания басшылығының алғыс хаттары табысталды.
Айлықтың өткізілуі корпоративтік мәдениеттің жоғары деңгейін, ұжымдардың ұйымшылдығын және еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріндегі бірлескен жұмыстың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.
Еңбек қауіпсіздігі Kazakhmys Smelting компаниясының басты құндылығы және кәсіпорындардың тұрақты әрі тиімді жұмысының негізі болып қала береді.