Жаңалықтар мен мақалалар

Kazakhmys Smelting Жезқазған мыс балқыту зауытындағы желдету жүйесін жаңғыртуда

Kazakhmys Smelting «Қазақмыс Корпорациясы» құрамына кіретін Жезқазған мыс балқыту зауытында өндірістік инфрақұрылымды жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі бағыттарының бірі – мыс электролизі цехының катод учаскесіндегі желдету жүйесін жаңарту.

Жезқазған мыс балқыту зауыты Қазақстан металлургия саласындағы стратегиялық маңызды кәсіпорындардың бірі болып табылады. Өндірістік үдерістер тәулік бойы үздіксіз режимде жүргізіледі, бұл жабдықтардың сенімділігіне және ауа алмасу жүйесінің тиімділігіне жоғары талап қояды.

Катод учаскесінде өндіріс барысында шаң мен жоғары температура пайда болады. Сондықтан қолайлы микроклиматты қамтамасыз ету еңбек қауіпсіздігі мен қызметкерлер денсаулығы үшін маңызды шарт болып саналады.

Жоба аясында учаскеге 50-ден астам заманауи өнеркәсіптік желдеткіш орнатылуда. Олар ластанған және қызған ауаны шығаруға, шаң деңгейін төмендетуге және ауа айналымын жақсартуға бағытталған.

Желдеткіштердің бір бөлігі терезе маңына орнатылып, сырттан таза және салқындау сыртқы ауаның келуін қамтамасыз етеді. Бұл өндірістік аймақта тұрақты әрі қолайлы температуралық режимді сақтауға мүмкіндік береді.

Жоба 2026 жылдың басында басталып, қазіргі таңда аяқталу кезеңінде. Қазіргі уақытта іске қосу-реттеу және сынақ жұмыстары жүргізілуде.

Компанияда бұл жоба өндірістік инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасының бір бөлігі екені және еңбек жағдайын жақсартуға бағытталғаны атап өтіледі.