Таңырқаудың қажеті жоқ, бұл ешқандай тропика емес, бұл — Жезқазған.
Жезқазған мыс-балқыту зауытының Жылу энергетикасымен қамтамасыз ету цехында 40 жылдан астам уақыт бойы пальма ағашы өсіп тұр.
Еліміздің қай өңірінің болмасын климатына бейімделмеген бұл өсімдік тіпті бүр жарып гүлдейтін сәттері де болды.
Бүгінгі күні сол цехта еңбек етіп жүрген сорғы қондырғысының операторы Светлана Конабаеваның айтуынша: «Бұл өсімдікті алғаш әкеліп еккен кім екені белгісіз. 1982 жылы осы цехқа жұмысқа тұрғандар сол кездің өзінде болған дейді».
Жапырақтары жайқалып өсіп тұрған бұл ағашты сол жердің жұмысшылары сенбі күні суарып отырады. Қазіргі уақытта пальманың диаметірі 45-60 сантиметрге жуық, ал биіктігі 8-9 метрге жеткен.
Бүгінде осы цехта өсіп шыққан жас тал да жеке орында өсіп келеді. Пальма өскен жерге бұдан бөлек бірнеше гүл түрлері де егілді. Айта кетейік, былтырғы жылы күз айында пальма ағашы алғаш рет гүлдеді.
⠀
Береке бар жерде табиғат жанданып, ағаштар гүлдеп, құстар да пана табатыны бекер айтылмаса керек.