Еңбек қорғау және қауіпсіздік

Ұжыммен салмақ жоғалту – «Екінші келбетім» марафоны

Ұжыммен салмақ жоғалту – «Екінші келбетім» марафоны.
2023 жылдың мамыр айында командалық форматта "Екінші келбетім" арықтау байқауы басталды. Серіктестік қызметкерлері 5 адамнан тұратын командаларға бөлінді. Алғашқы салмақ өлшеу жүргізілді және 3 айдан кейін -тамызда жеңімпаздарды анықтайтын бақылау салмағы болады. Үздік команда қатысушылары естелік бағалы сыйлықтармен марапатталады.

2023 жылдың маусым айында серіктестік Балқаш және Жезқазған қалаларының әкімшіліктерінің қолдауымен "CUPRUM RUN 2023" жаппай жүгіру марафонын өткізді, оған серіктестік қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты. Жарысқа барлығы 500-ден астам жүгіруші қатысты. Абсолютті рекордсмендерге естелік сыйлықтар, ал барлық финишерлерге естелік медальдар табысталды. Барлық қашықтықты (5 және 10 км) өту үшін регламент бойынша қатысушыларға 1 сағат уақыт берілді, бірақ жүгірушілердің көпшілігі бұл қашықтықты әлдеқайда ертерек жеңді.

Шілде айында "Kazakhmys Smelting әлем бойынша" корпоративтік онлайн-жарысы басталды. Конкурс шарттары бойынша барлық қатысушылар 40.000 км қашықтықты (жердің айналЫсы) жүгіреді. Қатысу үшін тек тегін қосымшасы бар смартфон қажет, ал конкурсқа серіктестіктің барлық қызметкерлері қатыса алады. Ең белсенді қатысушыларға естелік бағалы сыйлықтар беріледі.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін екі конкурс жарияланды:
" ӨҚжЕҚ бойынша үздік бейнеролик";
" ӨҚжЕҚ бойынша үздік ұсыныс".

Үздік жұмыстардың авторлары ақшалай көтермелеулермен марапатталады.
Спорттық іс-шаралар