Жаңалықтар мен мақалалар

Өнімдермен танысу: мыс сым.

Біз өз өнімдерімізбен таныстыруды жалғастырамыз. 1994 жылдан бастап Қазкат зауытында әлемдік стандарттарға сәйкес келетін 8, 16, 18 мм диаметрлі мыс жәмішсым шығарылады. Ол кейіннен сым, эмаль сым, троллей сым және басқа да кабель-өткізгіш өнімдерін өндіру үшін пайдаланылады.
Заманауи технология жоғары сапалы ағартылған мыс жәмішсым шығарылуын қамтамасыз етеді.

Мыс жәмішсым мемлекеттік стандартқа сай дайындалады және зауыттың өнімділігі жылына 50 мың тоннаны құрайды.

Өнімнің сапасын анықтау жұмыстарын «Leco», «Thermo ARL», «Wolpert», «Perkin Elmer», «Binder», «Herzog» секілді шетелдік атақты фирмалардың әр түрлі сынақ және аналитикалық құрылғылармен жабдықталған зауыттың өндірісті бақылау зертханасы жүзеге асырады.